Атырау қаласында 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан ҚР чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні маңғыстаулық балуандар, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары 66 келі салмақта Сұңғат Жұбатқан, 73 келі салмақта Руслан Мұсаев және 63 келі салмақта Ақниет Тұрдан алтыннан алқа тағып, тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Одан бөлек 60 келі салмақта Рамазан Мамаев пен 57 келі салмақта Камшат Қарасайқызы қола медальді иеленді.
- Жарыстың алғашқы күні көрсеткіштеріміз жаман емес. Боз кілемге шыққан 8 балуандарымыздың үшеуі алтын және екеуі қола медальдарды иеленді. Жарыстың екінші күні +100 келі салмақта Ақылбек Айжарықов балуанымыз белдесетін болады. Жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз. Жалпы жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген "мен мықты" деген балуандар қатысып жатыр,-дейді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов.
Венера МИРЛАН