Венгрия астанасы Будапешт қаласында гір тасын көтеру және қол күресінен Әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың алғашқы күндері мұнайлылық спортшылар Ыбырай Шолпанов, Айжан Маймақова қола медальдарды иеленіп, бапкер үмітін ақтады.- Жасөспірімдер арасында Ыбырай жекелей оң қолдан және сол қолдан үшінші орынды, жастар арасында Айжан жекелей сол қолдан үшінші орынды еншіледі. Ыбырай биыл 11-сыныпта оқиды. Осы уақытқа дейін 2 мәрте Азия чемпионы және 3 рет Қазақстан чемпионы атанды. Ал, Айжан қызымыз өткен жылы Малайзияда өткен Әлем чемпионатынан да қола медальді қанжығалаған болатын, биыл да сол үдеден шыға білді. Өкінішке орай бұл жарыста шәкіртім Жансүйген Мамедова төртінші орыннан көрінді, сәл жеңіс жетпей қалды. Жалпы әлемдік дода 1-13 қыркүйек аралығында Будапештте өтуде. Оған 30 елдің үздік спортшылары қатысуда, - деген спортшыларды жарысқа дайындаған бапкер Исенбай Матенов бүгінгі таңда Мұнайлыда 40 адам гір тасын көтеру және қол күресінен жаттығып жүргенін айтты.
Венера МИРЛАН
Тағы оқыңыздар: Афиныдағы Олимпиаданың «алтынын» мен алуға тиіс едім — Геннадий Головкин