©
Маңғыстаулық полицейлер ҚР Ішкі істер министрлігінің біріншілігінде жүлдегер атанды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Петропавловск қаласында қазақстандық полицейлер арасында қазақ күресінен өткен ҚР Ішкі істер министрлігінің біріншілігі мәресіне жетті. Іішкі істер ведомствосы мен «Динамо» дене шынықтыру-спорттық қоғамы ұйымдастырған жарысқа тәжірибелі спортшылармен қатар жастар да қатысты.
11 облыстың және Астана, Алматы қалаларының ІІД, Төтенше жағдайлар комитеті, қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Ұлттық гвардия мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 80, 90 және 90 келіден жоғары салмақтағы 48 спортшысы боз кілемде белдесті.
Жалпыкомандалық есепте 1орынды Солтүстік Қазақстан облысының палуандары жеңіп алды. Ал, Маңғыстау облысының палуан-полицейлері екінші орынды иеленді. Турнирде 3 орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының спортшылары алды.
Ал, жеке есепте Асхат Аманов Маңғыстау облысының қоржынына күміс медальді салды.
Қатысушылар өз жеңістерін Астана қаласының 20 жылдығына арнады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі ұсынды