©
ESPN Deportes ақпараты бойынша, келесі аптада Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің өкілдері кездесу өткізіп, боксшылардың күзгі реваншын ұйымдастыруды талқылайды, - деп хабарлайды Sports.kz.
Жекпе-жек сенбі, 15 қыркүйек күні, Мексика тәуелсіздігі күні қарсаңында болады. Осылайша, қазақстандықтар рематчты 16 қыркүйек күні таңертең тамашалай алады.
GGG мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі былтыр осы күні өткен болатын.
Алғашқыда қазақстандық пен мексикалық 5 мамырда айқасады деп жоспарланған. Алайда, Альварестің допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкиннің промоутері екінші айқас үшін «Канелоға» қатаң шарт қойды.