Бірлік күні 1-шағынаудандағы «Теннис корты» спорт кешенінде дзюдо күресінен 2001–2003 және 2004–2006 жылы туған жас- өспірім ұл-қыздар арасында халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлын» еске алуға арналған X халықаралық турнир өткізілді. Бұл турнир осыдан он жыл бұрын бастау алып, жыл сайын 800-ге жуық жасөспірімдердің басын бір арнаға тоғыстырып жас буынға үлкен мүмкіндік сыйлауда. Мереке күні өткен жарысқа 600-ге жуық спортшы қатысқан дода 2 күнге созылды.
Жарыста көршілес Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғыз мемлекеттерінен және Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облысынан және Алматы, Астана қалаларынан сайыскерлер бақ сынасты.
Спортшылар толағай табыс және сәттілік тілеу үшін ортаға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы және де дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Абумуталифұлы, Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Жұбатқанұлы шақырылды.
Жиынға қатысушыларды құттықтау тілегімен ашқан Мақсат Нұрлыбекұлы Маңғыстау облысында дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Нұрпейіс Сәрсенбай, Айдос Түйебаев, Руслан Бимағамбетов, Сұңғат Мұңалбаев, Сәттібек Байпақов, Асқар Тыныштықов, Айгерім Тоқсанбекті марапаттады.
Өз кезегінде Жандос Абумуталиф ұлы дзюдо федерациясының ұйғарымымен берілген ІІІ данмен және Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хатымен Қуанышбек Мамайұлын, Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хатымен Талғат Аманжолұлын марапаттады.
Марапаттау рәсімін Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Жұбатқанұлы жалғастырып, спорт жұлдыздары журналы редакция алқасының шешімімен Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен Мақсат Сқақовты, патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін медалімен Жандос Қоныспаевты, патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін медалі мен Гүлзада Юсупованы марапаттады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ядролық қарусыз ғалам – адамзат арманыЖарысқа дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін медалінің иегері, халықаралық дәрежедегі спорт төрешісі Қайрат Төлегенов бас төрешілік етті.
Жарыс қорытындысында «Жас батыр» спорт мектебі 6 алтын, 11 күміс, 13 қола медальмен 1-орынға, Грузия мемлекеті 5 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен 2-орынға, Шығыс Қазақстан облысы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен 3-орынға ие болды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ