©
Алматыда өтіп жатқан дзюдодан Жастар арасындағы Азия Кубогының екінші күнінде 81 келі салмақта Бейбіт Мадеев жеңімпаз атанды.
Ол алғашқы кездесуінде отандасымен белдессе, екінші жекпе-жегін корей спортшысымен өткізді. Ақтық сында Қырғыз елінің дзюдошысын жеңіп, тұғыр биігіне шықты.
Бейбіт жастар арасындағы ел чемпионы, Дэюдодан спорт шебері.
Алматыда Қазақстан Республикасы Дзюдо Федерациясының құрметті президенті Бекет Махмутовқа арналған Азия кубогы өтіп жатқанын бұған дейін жазғанбыз. Кеше жарыстың бірінші күні 60 келі салмақта Бауыржан Нарбаев пен 66 келіде Жұбатқан Сұңғат топ жарған болатын.
Айта кетейік, жастар арасындағы халықаралық сайыста Қырғызстан, Корея, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстаннан келген 200 спортшы бақ сынап жатыр. Оның төртеуі маңғыстаулық.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="52404,52403,52410,52402,52411,52409,52407,52406,52405"]