©
Алматыда Қазақстан Республикасы Дзюдо Федерациясының құрметті президенті Бекет Махмутовқа арналған Азия кубогы өтіп жатыр.
Кеше жарыстың бірінші күні біздің спортшыларымыз үшін сəтті болды.
Сайыстың алғашқы күні қос палуанымыз жеңіс тұғырынан көрінді. 60 келі салмақта Бауыржан Нарбаев ешкімге есе жібермесе, 66 келіде Жұбатқан Сұңғатқа ешкім тең келмеді. Бисекенов Манарбек пен Волобуев Сергейдің шəкірттері бұған дейін де бірнеше сайыста топ жарған.
Жастар арасындағы халықаралық сайыста Қырғызстан, Корея, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстаннан 200 спортшы бақ сынап жатыр. Маңғыстаудан ел намысын қорғауға 4 спортшы аттанды. Қатысушыларға алдағы жарыс күнінде де сəттілік тілейміз.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="52369,52378,52382,52381,52367,52383,52379,52380,52384,52377,52376,52374,52375,52371,52385,52391,52390,52394,52392,52393,52373,52388,52386,52387,52368,52370,52372"]