Қазіргі таңда елімізде самбо күресі дамып келеді. Бұл спорт түрі жақында Азия ойындарының қатарына кірді. Қостанай қаласында самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына өңірдің самбошылары да барып қайтқан болатын.
Чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен 160-қа жуық спортшы палуандар жиналған. Жас ерекшелігі 40-44, 68 келі салмақ аралықта күш сынасқан аймақтың мәртебесін 2015 жылдан бастап көтеріп, намысын қорғап жүрген Сәндібек Дүйсенбеков республикалық чемпионатқа барып, мықтылармен белдесіп қайтты. Сәндібек боз кілемде әлемдік деңгейде күресіп жүрген палуандармен бірнеше кездесу өткізіп, нәтижесінде жас ерекшелігі бойынша 68 келі салмақ дәрежесінде жүлделі II орынды иеленді.
Сәндібек Дүйсенбеков бапкері Берік Жұмағалиевке, «Тұлпар Мұнай Сервис» вице президенті Мұстахим Беркалиевке және самбо федерация президенті Айдос Ақжанов мырзаға шексіз алғысын айтты.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Араксты» тазалау үшін қайтадан конкурс жарияланады