©
Жақында қазақ күресінен Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатының іріктеу турниріне Бейнеу ауданының палуандары қатысты.
Палуандар арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Үстірт орта мектебінің оқушысы Нұрдәулет Базарбаев III opын, 73 келі салмақ дәрежесінде Ж.Қалдығараев орта мектебінің оқушысы Нұрдәулет Ерболұлы II opын, 50 келі салмақ дәрежесінде Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы Мейрамбек Иманов жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.
Күрес саласында тер төгіп, еңбек етіп жүрген Шалабай Еламанов және Сакен Қамыев бапкерлерімізге алғысымызды білдіреміз.
***
Таяуда Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бокстан 2000-2001 ж.т. жастар арасындағы ашық біріншілігіне Бейнеу ауданының 9 боксшысы қатысып, оның 8-і жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда 52 келі салмақ дәрежесінде Берекет Тайыров, 46 келі салмақ дәрежесінде Қазбек Жаңабергенов күміс жүлдегерлер 46 келі салмақ Атақоныс Амангелдиев, 52 келі салмақ дәрежесінде Қуандық Ақботаев 81 келі салмақ дәрежесінде Бекетай Бұлабаев, ал қола жүлдегерлер 42 келі салмақ дәрежесінде Мирас Қалиллаев 46 келі салмақ дәрежесінде Ақарыс Әлжан 69 келі салмақ дәрежесінде Айбек Сүгірбаев иеленді.
***
Ал ағымдағы жылдың ақпан айында Ақтау қаласында бокстан 2006-2007 ж.т. бүлдіршіндер арасындағы Маңғыстау облыстық турнирінен бейнеулік Бақдәулет Төлегенов алтын, Әсет Маденов және Бақытжан Айтмұханов күміс, Хақназар Сағынбай және Сұлтанбек Әлжан қола жүлдегер болды.
Бейнеу ауданында бокс спорты қарқынды дамып келеді. Осы спорт саласында еңбек етіп жүрген бапкерлерге толағай табыс олимп шыңын бағындыратын боксшыларды шығаруына тілектеспіз. Бұл жеңіс БЖСМ бокс үйірмесінің жаттықтырушылары Махамбет Нұрыллаев, Исатай Нұрыллаев, Сұлтанбек Анысовтардың еңбектерінің нәтижесі.
Б. МЕДЕШ, БЖСМ әдіскері
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда оқушыларға смартфон ұстауға тыйым салынуы мүмкін