©
Бүгін Ақтауда 300-ге жуық қала тұрғыны қатысқан велошеру өтті. Қаланың жаңа 35 шағынауданынан басталған велошеру 15 шағынаудандағы теңіз жағалауында аяқталды. Шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды. Көктемгі велоспорт маусымының ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов та қатысты.
Наурыз айының алғашқы күнінде тойланатын Алғыс айту мерекесі биыл облыс тұрғындары үшін бір айға созылды. Наурыздың әр күні мерекеге арналып, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын шаралар өтті. Дәстүрге, ұлттық киімдерге, білімге, спортқа, қайырымдылыққа, балаларға базарлық секілді шараларға мән берілді.
«Желтоқсан айында басталған «Асар-Жомарт жүрек» қайырымдылық марафоны аясында Маңғыстау облысындағы 6 300 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 55 млн теңгеден астам қаржыға көмек көрсетілді. Бүгін «Асар-Жомарт жүрек» акциясы қорытындылап, біз маңғыстаулықтардың дәстүрлі және сүйікті спортына айналған веложарыс өткізуді бастаймыз», – деді облыс басшысы Е. Тоғжанов.
Велошеруде мәреге алғаш жеткендер марапатталып, «Асар» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы 10 балаға велосипедтерді сыйға тартылды.
Сондай-ақ облыс басшысы бүгін салауатты өмір салтын насихаттау айының басталғанын жариялады.
«Оның барысында облыс бойынша спорт түрлерінен жарыстар, турнирлер мен чемпионаттар өткізіледі», - деді Ералы Тоғжанов.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суретке түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ