Жақында Павлодар қаласында кір тасын көтеруден өткен Қазақстан Республикасының біріншілігіне Маңғыстау облысынан 6 спортшы қатысып, екі ұланымыз жүлдемен оралды.
Атап айтқанда Ғабит Жұмағұлов 85 келі салмақта және Роман Жомарт 90 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушы Нартай Алтыбаевтың шәкірттерінің бірі – Роман бұдан бұрын жүлдегер атанған жігіт. Ал Мұнайлы ауданындағы №5 орта мектепте мектеп мұғалімі болып істейтін Ғабиттің бұл – ел біріншілігіне алғаш рет қатысуы.
– Жас атлеттердің бұл көрсеткіштеріне ризамын. Алдағы уақытта дайындығын күшейтіп, бұдан да жақсы жетістіктерге жетуі үшін жұмыстанамыз, – дейді бапкер.
Өз хабаршымыз
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Алғысым шексіз, асыл ана!