Бүгін Ақтаудағы «Теннис орталығында» Қазақ күресінен 1998-2000 жыл аралығында туған жастар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Тартысты жарыстың салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, облыстық қазақ күресі федерациясының президенті Аббат Өрісбаев, облыстық спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов және елге белгілі балуан, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
[embed]https://youtu.be/Pwj3a5ZizU4[/embed]- Бұл жарыс еліміздің жүрегі – Астананың 20 жылдығына арналған. Спортпен рухы мықты жастар айналысады. Спортты серік еткен жас ақылға жүгініп, мінезін түзетеді. Бұрыс жолға түспейді. Салауатты өмір салтын таңдап, теріс әрекеттерге жол бермейді, зиянды әдеттерден аулақ болады. Ал жарыстар – жасымас жігер мен қажымас қайратты ту етер, күш пен білектің сынға түсер мүмкіндіктер. Аймақ басшысы чемпионат қатысушыларына ыстық ықыласын білдере отырып, төл спортымызда жарқын жетістіктерге жетіп, жарыста абыройлы жеңіс тілейді. Бүгінгі жарысқа елімізге танымал спортшы Бейбіт Ыстыбаев қатысуда. Сіздерге осы атпал азаматтың жолын тілеймін! - деген Мақсат Нұрлыбекұлы «Қазақстан барысының» үш дүркін чемпионын ортаға шақырып, құрмет көрсетіп, үстіне шапан жапты.
[embed]https://youtu.be/ghy9hWG8x9M[/embed]Чемпионатқа республиканың барлық өңірінен жиналған 430 спортшы қатысуда. Оның 29-ы – Маңғыстау облысының жастары. Төрт күнге жалғасар жарыста спортшылар бірқатар салмақта белдесетін болады.
Ханым ҚУАТ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="47698,47699,47696,47697,47695,47690,47702,47692,47700,47691,47701,47693"]