Бейнеу жасөспірімдер спорт мектебінде жерлестеріміз Ербол Әбілгереев пен Нұрбол Садақовты құрметпен еске алуға арналған ересектер арасында облыстық қазақ күресі турнирінен жарыс өтті. Жарысқа әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша жалпы есепте 8 команда (Атырау, Ақтау, Жаңаөзен, Қарақия, Бейнеу, ауданға қарасты ауылдар) қатысып, 40 шақты палуандар сынға түсіп, бақ сынады. Республикалық деңгейдегі спорт шеберлері де қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатын аудан әкімі Бейнеубек Әбілов ашып беріп, жарысқа қатысушыларға жеңіс тіледі. Ерболдың әкесі Айсұлтан Әбілгереев және Нұрболдың анасы Айжан Садақова жарысты ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Облыстағы қазақ күресінің аға жаттықтырушысы, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі төреші Кенжебай Елубай қатысушыларға жарыстың барысын түсіндіріп, барша спортшыларға сәттілік тілеп, сөз сөйледі.
Тағы оқыңыздар: Ақшұқыр ауылы: кешесі мен бүгініТөрешілердің шешімі бойынша жарыс нәтижесінде Бейнеу ауданы құрамасы І орын, Ақтау қаласының құрамасы ІІ орын, Атырау облысы, Миялы ауданының құрамасы ІІІ орынды иеленді. Түйе палуаны жүлдесі үшін белдесуде Нұрдәулет Жарылғапов - Бейнеу ауданы І орын алса, Наурызбек Майлашов - Атырау облысы ІІ орын, Дәурен Жарылғапов - Ақтау қаласы ІІІ орын алды.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен медалдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Үміт ҚАЗДАЕВА