Астана мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар бүгін де жалғасын тапты.Орталық алаңда ер балалар ұлттық ойынымыз - асық атып мергендіктерін танытты. 4 команда сынға түсіп, үздіктер іріктелді. Бірінші және екінші орынға №3 орта мектептің оқушылары жайғасса, үшінші орынға №1 орта мектептің шәкірттері тұрақтады. Жалпы ойын барысында мергендіктерімен суырылып алға шыққан Мәтжанбек Зорбай мен Нұрбол Жәукебаев болды. Сондай-ақ, шарада стрит воркаут ойындары да ойналды. Оған әр түрлі жастағы ер балалар мен ересектер қатысты. Жарысқа түскендердің қай- қайсысы да есесін бермеуге тырысты. Бәрі де арнайы «Алғыс хат», медаль және кубокка ие болды.
З.Әбділ-Саттар