• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 16 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда өзін-өзі атқан инкассаторға қатысты “Halyk Инкассация” мәлімдеме жа...

Маңғыстаулық спортшы дзюдодан Еуропа кубогында жүлдегер атанды...

Кеңес Орақов «МАЭК» ЖШС бас директоры болып тағайындалды...

Қарақияда теңіз суын тұшытатын зауыт құрылысы қарқынды жүріп жатыр...

Күйеуі пышақтаған әйел жүктіліктің оныншы аптасында болған...

  • USD: 472.49 ₸
  • EUR: 515.44 ₸
  • RUB: 5.41 ₸

Ақтаудағы каратэ-до бойынша балалар спорт мектебі несімен ерекше? (ФОТО)

[ 2017 ] 20 маусым, 11:27  |  Спорт

©

Жақында Маңғыстау облыстық каратэ-до бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «EXPO-2017» көрмесінің ашылуына орай спорттық көрсетілім шарасы өтті. Мұнда, атап айтсақ, каратэ-до, таэквондо, ушу, кикбоксинг, дзюдо және жекпе-жек күресінің спортшылары өнерін ортаға салды.  Спорт мектебі 5 шағын ауданда «Волна» спортзалында орналасқан. Оқушылардың дайындығы, спортқа деген құштарлығы әрбір қимылдарынан-ақ байқалады.  Шараның «ЭКСПО-2017» көрмесімен тұспа-тұс келуі тегін емес.  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесі Астана қаласына бұйырғаны – біз үшін зор мәртебе. Мұндай ауқымды шара ТМД және Орта Азия көлемінде алғаш рет біздің елімізде өткізіліп отыр.  Маңғышлақтағы каратэ-до спортының негізін қалаған – Парвиз Дунямалы Тарихқа көз жүгіртсек, 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың бас кезінде Ақтау қаласында шығыс жекпе-жегі түрлері қарқынды дами бастады. Әсіресе, каратэ-до спорты кең танымалдылыққа ие болды. Сол тұста Маңғышлақтағы каратэ-доның негізін қалаушылардың бірі – Мансуров Парвиз Дунямалы оглы болды. 1993 жылы Ақтау қалалық әкімдігінің шешімімен облыс орталығында шығыс жекпе-жегі түрлерін үйрететін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды. 5 шағын аудандағы «Волна» спорт залынан ашылған мектепті Парвиз Мансуров басқарды. Оның балаларға деген сүйіспеншілігі мен  зор ынтасы, спортқа деген құлшынысының арқасында мектеп деңгейі жыл санап артты. Мектеп тәрбиеленушілерінің жеңісті сәттерінің жиі болуы – осының дәлелі іспетті. Олар Республика Чемпионаттарында, Халықаралық додаларда бірнеше рет топ жарды.

 Каратэ-до мектебі несімен ерекше?

Парвиз Мансуров – «Каратэ-додан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алған алғаш жаттықтырушы. Қазіргі таңда ол Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарады. Жемісті еңбек, ынта-жігер мен табандылықтың арқасында халықаралық додаларда бірнеше рет еліміздің жалауы желбіреп, Әнұраны шырқалды. Атап айтар болсақ, Королёв Андрей, Васильева Галина, Солодилова Наталья, Халидов Халид, Колонтаев Александр, Адамов Рустам, Атакаев Ахмед, Қожаев Ержан, Қуанова Алия, Захарова Сабина, Хуповец Екатерина, Олешко Анастасия, Айназаров Ермек, Чайкузова Гаухар, Байтореев Еркінбек, Кестен Фарида секілді спортшылар ел абыройын асқақтатты. ҚР каратэ-до құрамасы жетістіктерінің басым бөлігі біздің мектепке тиесілі. 2014 жылдың ақпан айында мәдениет және спорт басқармасы шешімімен Маңғыстау облыстық арнайы балалар мен жасөспірімдердің каратэ-до мектебі атауы берілді. Мектеп базасында каратэ-до бойынша арнайы бағдарлама, емтихан тапсыру ережелері және басқа да нормативтік құқықтар қарастырылған. ҚР каратэ-до құрамасы жиындары біздің мектепте  өткізіледі. Бүгінгі таңда мектепте каратэ-до, кик-боксинг тобы, жекпе-жек, таэквондо және дзюдо бөлімдері жұмыс істейді. Ондағы 51 топта 690 оқушы жаттығады. Каратэ-до Маңғыстау облысынан бөлек Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында кең қанат жайып келеді.

Мектеп тәлімгерлері не дейді?

  Александр Гаплевский Владимирұлы, каратэ-до жаттықтырушысы: – «Волна» мектебінің тарихы тым тереңде жатыр. 20 жылдан аса балаларды каратэ-до спорты бойынша жаттықтырып келемін. Тек менің ғана емес, осы мектеп оқушыларының көпшілігі Әлем Чемпионаты, Азия чемпионаттарында  үлкен жетістіктерге жетті. Мәселен, атап айтсам, каратэ-до бойынша әлем чемпионы – Халид Халидов, каратэ-додан Азия чемпиондары, Азия ойындарының жеңімпаздары – Ермек Айназаров, Екетерина Хуповец, Сабина Захарова т.б. Сондай-ақ, мен сияқты Руслан Саидов, Максим Мереймов, Марат Раимов, Ержан Қожаев, Алихан Тухаев, Мирас Шамов, Ерлан Сәрсенов, Халид Халидов  есімді каратэ-до жаттықтырушылары  бар. Мектебіміздің ең басты ерекшелігі – жаттықтырушылардың татулығы, нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай еңбек ететін балалардың көп болуы деп ойлаймын. Ұстаз болған соң, өз ісіңді жақсы көру керек, тренерлер кейде балалар мен жұмыс деп өз отбасын ұмытып кетіп жатады. Шәкірттерімізді каратэ-до спортының негізгі ұранымен тәрбиелеймін:  «Маэ маваши, победа будет наша, юка иппон, Мангистау – Чемпион». Бұл сөздер каратэ-додағы соққы мен ұпай атауларын білдіреді. Рахмет Кетеев Амангелдіұлы, дзюдо күресінің аға жаттықтырушысы:   – 2007 жылдан бері дзюдо спорты бойынша балаларды жаттықтырамын. Дзюдо күресі  қиын спорт түріне жатады. «Волна» мектебіндегі дзюдо спорты бойынша  45-тен аса спорт шеберіне үміткер, 15-ке жуық ҚР спорт шеберін дайындап жатырмыз.  Дзюдо күресін үйренем деп келген балаға алдымен өзін қорғау, кейін партерде отырып күресу, қол сындыру, қылқындыру әдістерін үйретеміз.   Балаларды дзюдоға 8 жастан бастап қабылдаймыз. Жасөспірімдер арасында республикалық, облыстық деңгейде күресіп жүрген Айбар Сайкенов,  Бексұлтан Қартбай, Бексұлтан Жарасбай, Расул Әбдіхалық, Асылқайыр Әбділдиев, Олжас Төлеген деген шәкірттерімді айта аламын.  Осы мектептің атын шығарған спорт шеберлері – Саян Нұрманов, Мейрам Әбіл, Аймұрат Таңатов, Пернехан Төлепов, Ерлан Нығманов. Мектебімізге келген бала тек спортқа машықтанбай, үлкендермен қарым-қатынас орнатуға, оқу үлгерімін жақсартуға, күнделікті дисциплина мен тәртіпке дағдыланады. Қартбай Бексұлтан Бақтыбайұлы, дзюдошы: – 5 жылдан бері дзюдомен айналысамын. Рахмет, Пернехан ағайларымның арқасында спортқа деген құлшынысым артты. Облыстық деңгейде дзюдодан 60 кг салмақ дәрежесінде  1-орын алып келемін, ал Қазақстан бойынша күміс жүлдегермін.  Мектепте 9-сынып оқимын, келешекте спорт саласына барғым келеді.

Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген автор

1830
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
спорт фото EXPO - 2017
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Антонас Юкневич: Бүгін кешке шұбаттан дәм татамын!

Келесі жаңалық

Екі қолымен де ерледі

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтаудағы каратэ-до бойынша балалар спорт мектебі несімен ерекше? (ФОТО)

    [ 2017 ] 20 маусым, 11:27
    1831

    EXPO-2017. НӘТИЖЕ

    [ 2017 ] 21 қыркүйек, 05:46
    2380

    Этноауылда той-думан (ФОТО)

    [ 2017 ] 17 тамыз, 10:32
    2741

    Астанада Есенғали Раушановтың шығармашылық кеші өтті (ФОТО)

    [ 2017 ] 17 тамыз, 07:22
    1691

    Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы үшемдері ЭКСПО-да волонтер болып жүр (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 26 шілде, 10:17
    2609

    Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукты нокаутпен жеңді

    [ 2017 ] 9 қыркүйек, 18:59
    1918

    Рубрикалар

      Редакция газеттеріТүпқарағанРухани жаңғыруХабарландыруСұхбатСаясатЭкономикаМаңғыстау жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2608

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2291

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2135

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2849

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2479

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2339

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»