Екі қолымен де ерледі
[ 2017 ] 5 шілде, 06:05 | Спорт
Қол күресі бойынша Қырғызстанның Бостери қаласында жасөспірімдер, қыздар, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен XVI Азия чемпионатына мұнайлылық спортшылар да барып қатты.
Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Пәкістан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Оңтүстік Корея, Жапония елдерінен кіл мықтылар қатысқан чемпионтта Басқұдық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Ыбырай Шолпанов сол қолдан II, оң қолдан III орындарды еншіледі. 70 келі салмақтағы қыздар арасында Жансүйген Мамедова екі қолдан да II орынға шықты. Одан ауыр салмақта сынға түскен Айжан Маймакова өз деңгейі бойынша өзгелерге дес бермеді. Қос қолдан да I орынды алды.
- Аталған спортшылар осы жылы Венгрияның Будапешт қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңді. Қазір соған дайындықты бастап кетті,-дейді жаңалықты хабарлаған Басқұдық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Мұхтар Жұмашев.
Шахида ЖҰМАН
1066
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.