© ktf.kz
Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінде Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев алғашқы айналымда сенсациялы түрде жеңіске жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлесіміз Бейбіт Жұқаев турнирдің іріктеу кезеңінде швейцариялық Марк-Андреа Хюслерді жеңіп 2:0 (7:6, 6:4) есебімен жеңген болатын. Енді ол екінші кездесуінде тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатовпен шеберлік байқасады. Скатов алғашқы айналымда аргентиналық Факундо Багнисті 2:1 (6:7, 7:6, 6:1) есебімен ұтып, келесі шығып отыр.
Бұдан өзге, қазақстандық теннисшілер арасында Денис Попко аргентиналық Тиаго Тирантеден, Михаил Кукушкин де аргентиналық Марко Трунгельитиге жіберді.
Айта кететін жайт, биыл US Open турнирінің бюджеті 26 440 000 долларды құрады. Аталған сында топ жарған теннисші 3 600 000 доллар иеленеді. Сондай-ақ, рейтингтік 2 000 ұпайына қол жеткізеді.