Аңызға айналған боксшы бұл мәліметті қайдан алғанын нақтыламайды, бірақ оның шындық екеніне сенетінін айтады. "Канело" мен GGG - 17 қыркүйекте! Қыркүйекте олармен қарсыласатын басқа жекпе-жектер болмайды деп үміттенемін. Жыл жекпе-жегі осында. Керемет жұмыс, Golden Boy Promotions", - деп жазды Мозли твиттердегі парақшасында
https://twitter.com/ShaneMosley_
"Канело" мен GGG келісіп қойды, сіздер білмедіңіздер ме? Келіссөздер аяқталды. Сіздер бұл мәліметті бірінші болып осында біліп отырсыздар. Менің жекпе-жегім 28 мамырда. "Канело" мен GGG жекпе-жегі - 17 қыркүйекте", - деді Мозли.
Еске салайық, Сауль Альварес ұлыбританиялық Әмір Ханды нокаутқа түсіргенненкейін Головкинді шаршы алаңға шақырған болатын. Қазақстандық келісім беріп, жауап қатты. Кейін "Канело" салмаққа қарамастан, GGG-мен 160 фунтта жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.