Маңғыстау облыстық самбо федерациясының жүлдесіне арналған «Ақтау кубогі» халықаралық турнирінің алғашқы күнінде жерлестеріміз облыс қоржынын 9 алтын, 10 күміс, 6 қола медальдармен толықтырды.
Тарқатып айтар болсақ, 32 келі салмақта Ақниет Айболатұлы (Маңғыстау ауданы), 35 келі салмақта Нұрлыбек Сыдықов («Жастар» спорт мектебі), 38 келі салмақта Нұрсұлтан Манарбекұлы («Жастар» спорт мектебі), 42 келі салмақта Нұртілек Атшыбай («Жастар» спорт мектебі), 46 келі салмақта Төрекен Қобланов («Жастар» спорт мектебі), 50 келі салмақта Дәурен Төлегенов (Жыңғылды спорт интернаты), 60 келі салмақта Әбубәкір Баубек (Жыңғылды спорт интернаты), 66 келі салмақта Бейбарыс Бақтыбай («Жастар» спорт мектебі), +66 келі салмақта Мұхаммед Зұлхарнаев (Шетпе спорт мектебі) алтыннан алқа тағып, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, облыстың 10 балуаны күміс медальді иеленсе, 6 самбошы қола медальді қанағат тұтты.
- Маңғыстау облыстық самбо федерациясының жүлдесіне арналған «Ақтау кубогі» сарапқа салынып жатқан турниріміздің алғашқы күні 2001-2003 жылы туған жасөспірім ұлдарымыз боз кілемге шығып белдесті. Жақсы нәтижие көрсетіп, бапкерлердің үмітін ақтады. Енді 12 сәуір күні жарысымыз 2005-2007 жылы туған ұлдар арасында өтеді. Жалпы жарысқа Әзірбайжан, Грузия, Түркия мемлекеттері мен Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан спортшылар келіп қатысуда, - дейді ҚР еңбек сіңірген бапкері Берік Жұмағалиев.
Халықаралық турнир 1 шағынаудандағы «Каспий» спорт кешінінде өтуде. Жарысты тамашалау тегін.
Венера МИРЛАН
Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="2865,2867,2869,2872,2873,2874,2876,2926"]