Биылғы жыл аудан спортшылары үшін табысты басталуда. Оған дәлел 17-25 қаңтар күндері Павлодар қаласында еркін күрестен 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен ашық аймақ аралық турнирі болмақ.
Қазақстан Республикасының спорт шебері, жаттықтырушысы Бейсекин Асет Сагитұлын еске алуға арналған турнирге барлығы 15 команда қатысып, ауданнан «Маңғыстау облысы БЖСМ Басқұдық» командасы да бақ сынады. Барлығы 272-ге жуық спортшы ішінен аудан барған Сұңғат Аяпов – 2 орынмен, Путин Файзулла – 3 орынмен оралды.
Гүлнара БЕКҚАЛИҚЫЗЫ