Минск қаласында өткен самбодан ашық Еуропа кубогы өз мәресіне жетті. Маңғыстаулық самбошылар 1 күміс, 2 қола медаль иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыста ҚР ұлттық құрама командасының сапында маңғыстаулық Нұрдәулет Айымбетов, Нұркен Домбаев және Гүлдана Әлмұханбетова өнер көрсетті.
Нұрдәулет Айымбетов 58 келі салмақта сынға түсіп, қола жүлдені иеленді. Ал Нұркен Домбаев жауынгерлік самбодан қола медалді қанжығалады. Қыздар арасында 54 келі салмақта сынға түскен Гүлдана Әлмұханбетова күміс жүлде алды.
«Батырларым әлі талай жарыста керемет нәтижемен, жетістікпен қуантатынына сенемін. Қашан да жақсылықтың жаршысы болайық, ағайын! Маған және менің спортшыларыма тілеулес, ниеттес дос-бауырларға алғыс, жұғысты болғай!», - деді «Жас батыр» спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов фейсбук парақшасында.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА