ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов қайтыс болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР бокс федерациясы еңбек сіңірген бапкер Жеңіс Жарылғаповтың қайтыс болуына байланысты құрама спортшылары атынан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
Жеңіс Жарылғапов Жаңаөзенде жаттықтырушы болған жылдары көптеген жас таланттарды баптады. Оның шәкірттерінің бірі Әділбек Ниязымбетов Жазғы Олимпиада Ойындарында екі мәрте күміс жүлдеге ие болған еді. Тағы бір шәкірті Жеңіс Таумұрынов ҚР чемпионатының екі дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанса, Қанат Көптілеуов жастар арасында Азия чемпионы, ел біріншілігінің бірнеше рет жеңімпазы атанды.
Айбек Мұханов