Осымен екінші рет ұйымдастырылған «Akketik art fest» байқауында Түпқараған, Бейнеу, Мұнайлы аудандары мен Жаңаөзен қаласының өнерпаздары вокал, көркемсөз, хореография, аспапта ойнау жанрлары бойынша бақ сынады. Байқаудың l орындарын иеленген жүлдегерлер республикалық байқауға жолдама алады делінген сында жас өнерпаздар бар өнерлерін ортаға салды. Түпқараған аудандық мәдениет үйі мен "Түпқараған жастары" қоғамдық ұйымы бірігіп ұйымдастырған шарада хореография бойынша бірінші орын алған түпқарағандықтар «Жорға» би тобы мен жеке орындауда көзге түскен Айжан Жарылғасын 1-орынмен марапатталды. Одан бөлек вокал бойынша Жаңаөзен қаласынан келген Құлбай Аделя 1-орынды, 2-орынды бейнеулік Ақмаржан Қуатбаева, 3-орынды жаңаөзендік Ералы Бекзат иеленді. Домбырашылар ансамблі 2-орын Түпқараған ауданы (Таушық ауылы), көркемсөз оқуда бейнеулік Естөре Ерасыл 1-орынға, Боранбай Маңғыстау 1-орын лайық деп танылды. Ендігі кезекте осы бірінші орын иеленген өнерпаздар республикалық өнер сайысына дайындықтарын бастайтын болады.
Өз тілшімізден