Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні елімізде парламенттік сайлау өткені белгілі. Мемлекетіміз үшін маңызы бар айтулы күнде жастарымызда шет қалмай, білек түріп, ат салысты. Осы орайда бір қатар жастар марапатталған болатын.
Марапаттау барысында "Ақ жол-жастар" жастар қанатының Баспасөз хатшысы Қойшығұлов Жанұзақ Дүйсенбайұлы сайлау науқаны туралы баяндамасын оқыды. Сонымен қатар ҚДП "Ақ жол" Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы сөз сөйлеп, ҚДП "Ақ жол" Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы орынбасары Исмагулов Айдар Амантайұлы, ҚДП "Ақ жол" Маңғыстау облыстық филиалының Баспасөз хатшысы Исаева Алия Жангелдіқызы, "Ақ жол- жастар" жастар қанатының мүшелері: Таңсықбаев Рамазан Мұханұлы, Қойшығұлов Жанұзақ Дүйсенбайұлы, Құрбаншаев Нұрқожа Қалдықожаұлы, Шапағат Назарбай Әбілмүсілімұлы, Салықов Дәурен Әлиұлы, Төрәлі Албина Назымбекқызын марапаттап, төс белгі табыстады. Одан әрі "Ақ жол-жастар" жастар қанаты төрағасының орынбасары қызметіне Лепес Нұрлан Талғатұлы тағайындалып, "Ақ жол-жастар" жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Таңсықбаев Рамазан Мұханұлы жастарды қабылдады. Шара соңында "Ақ жол-жастар" жастар қанатының атан-аналары алғысын жеткізіп, естелік суретке түсті. Бағыт-бағдары мен мақсат-мұратын мемлекет игілігіне жұмсап, келешегін баянды қылу әр жастын қолынан келеді. Жалынды жастар - ертеңгі елдің болашағы.
"Ақ жол-жастар" жастар қанатының баспасөз қызметі