Ежелден-ақ елдік пен ерлікті арқау еткен дастандарды жырлап, халқымыздың рухын көтеретін жыршылық дәстүр де өміршең өнердің бірі. Ауыз әдебиетіміздің ерекше бір үлгісі. Бүгінгі күннің басты бағыты – адамның рухани тұрғыдан сана-сезімін жаңғыртып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, өшпес өнерді өрістету екендігі баршаға аян. Ендеше, көпшіліктің көңілін көтеріп, рухани тұрғыдан жанын жадыратар іс-шаралардың да маңызы зор десек, артық емес.
Осыған орай жақында ауданымыздағы Абыл мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан әкімдігінің қолдауымен, марқұм Таңатар Қарибаұлын еске түсіруге арналған отбасының ұйымдастыруымен «Жыршылар жырлайды» атты кеш өтті. Бұл шара қазіргі кезең талабына сай дәстүрлі өнердегі жаңаша жаңғыру үрдісінің тамаша бір көрінісі болды. Ел аузындағы Маңғыстаудың ақпа-төкпе ақынжыраулары мен жыр шытермешілерінің кәусар бұлағынан сусындап, кезінде Ескелді Сүгір жы раудан бата алған марқұм Таңатар жыршы да Бесқала өңірінде жыршылық жолға түскен. Өмірінің соңғы жылдарында ата жұрты – Бейнеуде болған өнер иесі еді...
Сондықтан болар, Таңатар жыршының отбасы осы жыр кешін ұйымдас тырып, Бейнеудің үлкенкішісі мен жастарын жинап, алысжақыннан келген ағайынтуыстың басын қосқан алқалы жиын болды.
Кеште кешегі бір заманда өткен Маңғыстаудың ақынжыраулары мен жыршытермешілерінің, әрісі сонау Сыпыра жыраудың сарқытынан ауызданған, берісі «Адайдың бес тақтағы» атанған Абыл мен Нұрымнан, Қашаған мен Қалнияздан, ақтарылған Ақтаннан, Қалының Қарасайынан тілі шығып, кешегі Сәттіғұл мен Сүгір, Ұзақбайдың жырын жаттап, Жақсылық пен Рейімнің ізін басқан жыршылар берекелі Бейнеудің төрінде көркем өнердің көрігін қыздырды.
Жыр кешіне облысымыздағы Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен Қарақия және Маңғыстау аудандарынан ат арытып келіп, сахна төріне қара домбырасын қолтықтап шыққан жыршылардың қайқайсысының да осал еместігі жүргізуші Сәрсен Қадірдің таныстыруынанақ аңғарылып тұрды. Әсірелеп айтқанда, «ойпаңнан шапса, төске озған...» кіл жүйріктер. Кешегі бір заманда әуелетіп ән салып, қыран дауысымен құс қайырған бабалардың жұрыны десек, жарасқандай.
Жанжақтан келген жыршытермешілердің өнерін ортаға салған дүбірлі доданың бастауында аудан әкімінің орынбасары Ү.Әмірханова аудан әкімінің атынан құттықтау сөз сөйледі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы бұл ісшараның маңызына тоқталып, жыршы Таңатар Қарибаұлын еске түсіру кешін ұйымдастырып отырған Әліпбай Таңатарұлына алғыс айтып, сәттілік тіледі.
Содан соң кешті жүргізуші С. Қадір қара домбырасын қолтықтап келген жыршыларды бірбірлеп таныстырып, сахнаға шақырды.
Ең алдымен бейнеулік жыршы Амангелді Сәңкібаев ортаға шығып, Сәттіғұлдың «Өсиет» термесін баяулатып, бабымен көпшілікке жеткізді. Одан әрі жыршылар кезеккезегімен термелеп, жырлай берді. Сахна төрінен Сәттіғұл мен Сүгірдің, Көрпе Есмағанбет пен Өмір Қараұлының, шалбар Қалнияз бен Өмірзақ Қалбайұлының өсиеттермелері өріліп, жырлары төгілді.
Тағы оқыңыздар: Ақтаудағы сыртқы жарнамаларда қате көпӘсем әуен, сырлы саз, мың құбылған мақам көпшілік көрерменнің құ лағының құрышын қандырып, көңілін бір көтеріп тастады. Әр алуан жыртерме орындалған сайын риза болған жұрт қошеметін көрсетуден жалыққан жоқ. «Бәрекелді!» десіп, қиқуды салып отырды. Жыр сүйер қауымға бұрынғы өткен ақынжыраулардың әуені қайта оралғандай әсерге бөледі.
Кеш соңында «Жыққанға да, жығылғанға да бәйге берем...» деп Төлеген ақын айтып кеткендей, жыршылардың бәріне де сыйсияпат жасалды. Аудан әкімінің орынбасары Ү.Әмірханова аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етсе, Таңатар Қарибаұлының балакеліні Әліпбай мен Алтынай жыршылардың шетінен «ат мінгізіп», сыйлық тапсырды. Сөз соңында Әліпбай ісшараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне, атсалысқан азаматтарға, өнер ұжымдарына жылы лебізін жеткізіп, рақмет айтты.
Кәрісбай ӘДІЛ