• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Тұлпар текті тұлға

    [ 2017 ] 17 қазан, 13:33  |  Мәдениет

    Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, партия-кеңес кезіндегі белгілі басшы, еліміздің мұнай-газ өндірісінің шебер ұйымдастырушысы, «Мұнайшы» қоғамдық қорын құрушылардың бірі және осы қордың тұңғыш атқарушы директоры, Ақтау, Жаңаөзен қалаларының құрметті азаматы Нәсіпқали Әбуғалиұлы Марабаев биыл мәртебелі 80 жасқа толар еді.

    Ардагер тұлға, өз елінің патриоты, біздің мақтаныш етер жерлесіміз Нәсіпқали Әбуғалиұлы Марабаев 2007 жылғы 19 тамызда 70-ке толар шағында кенеттен қайтыс болды.

    Мұнайлы Атырауда туып, көп балалы отбасында тәрбиеленген, орта мектепті бітіре сала Мәскеудің Губкин атындағы мұнай институтын тәмамдаған ол қарапайым бұрғышыдан «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің  бас  директорлығына  дейінгі еңбек жолынан өтті. Мұнайшы-инженер Марабаев – Маңғыстау мұнайының бастауында тұрған бірден-бір қайраткерлердің бірі. Ол сондай-ақ Қазақстан  Республикасын мұнайлы державалар қатарына қосу жолында да ерен  еңбек етті.

    Әсіресе оның ұйымдастырушылық қабілеті, басшыларға тән білімі мен білігі, өндіріс саласындағы тегеурінді таланты мен тәжірибесі Маңғыстау облыстық атқару комитетін басқарған жылдарында, облыстық партия комитетінің хатшысы кезінде, Қазақ КСР Халықтық бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары уақытында жарқырай көрінді. Дәл осы мезгілдерде ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қыруар шаруалар атқарып, елдің ерекше сүйіспеншілігіне бөленді. Сансалалы қызмет атқарып жүрсе де, Нәсіпқали Әбуғалиұлы өзінің түпкілікті кәсібі – мұнай саласын бір сәт те ұмытпады және мұнайшы дос-жарандарымен де байланысын үзбеді, өмірінің соңына дейін сыйласумен кетті.

    Оның ұйымдастырушылық, басшылық талантының барынша ашылған тұсы – одақтық маңызы бар «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігін басқарған жылдары екенін жоғарыда айтып өттік.

    Нәкеңнің бүкіл ғұмыры мігірсіз еңбекпен өткені белгілі, ол осындай мерейлі атақ абыройымен зейнетке шықты, зейнеткер екенмін деп бір күн де дем алған жоқ, нарықтық экономиканың алғашқы жылдарында күнкөрісі құлдырап кеткен ардагер-мұнайшылардың ауыр халі оған бір сәт те маза бермеді. Елімізде  200-ге  жуық мұнай-газ кеніштерін ашқан ардагер-мұнайшылар дәл осы кезеңде бейшара күйге түсті. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, ақыры бұрынғы Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асқар Алтын- бекұлы Құлыбаевпен, белгілі геолог Орал Ақшолақовпен ақылдаса отырып, «Мұнайшы» қоғамдық қорын құруға бел байлады.

    Қордың басты жарғылық мақсаты – осы саланың ардагер-мұнайшыларына шынайы қамқорлық жасап, жан-жақты көмектесу, республиканың мұнай-газ тарихын қалпына келтіру және әйгілі мұнайшылардың атақ-даңқын ұлықтау, тағы да басқа қайырымдылық шаралары болып белгіленді. Осы біраз ғана мерзім ішінде, атап айтқанда екі жарым жылдай уақытта, қордың атқарушы директоры бола жүріп Марабаев қыруар шаруа тындырды. Мұқтаж мұнайшыларға қаржылай қайырымдылық көмек көрсетілді. Қазақстан Мұнай энциклопедиясының 2 томдығын толықтырып қайта шығарды, «Қазақ мұнайының ардақтылары» сериясымен әйгілі мұнайшылардың ғұмырнамалық кітаптары жарық көрді, республика мемлекеттік мұрағатында мұнайшы әулеттерінің өмір дерегі тіркелді, Орал, Жаңаөзен қалаларында «Мұнайшылар даңқы» аллеясының құрылысы басталды.

    Осылайша, өзінің қоғамдық-қайырымдылық жұмыстарын өрістетіп отырған «Мұнайшы»  қоғамдық қоры 2006, 2011 және 2012 жылдары қатарынан үш мәрте республикалық конкурстардың жеңімпазы атанды, сондай-ақ республикалық «Президент және халық» газетінің «Жыл таңдауы» агенттігінің алтын белгісі және сертификатымен марапатталды. Нәсіпқали Әбуғалиұлының бай тәжірибесі, өнеркәсіп саласындағы білігі мен таланты әр кезде де кәдеге асты, осыны дер кезінде сезінген Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаев Нәсіпқали Марабаев ағасын өзіне кеңесшілікке шақырды, ол сондай-ақ облыстың  ардагерлер  кеңесін де қоса басқаратын болды. Нәкеңнің осы қызметте жүріп, қыруар істер тындырғанын Қ.Көшербаев Марабаевты соңғы сапарға аттандырар сәтте тебірене әңгімеледі. Нәсіпқалидай ел аманатын арқалап, ат үстінде жүрген азаматтың кенеттен дүниеден өтуі – бүкіл Қазақстан халқы үшін ауыр қаза болды. Елбасы Н.Назарбаевтың өзі Н.Марабаевтың ұзақ жылдар бойы республика өнеркәсібіне қосқан зор үлесін ерекше атап өтіп, отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

    Тағы оқыңыздар: Мәйіт донорлығы: кім қарсы, кім қолдайды?

    2007 жылғы қазан айында құрылтайшы- лар мен оның серіктері «Мұнайшы» қоғамдық қорына Н.Ә.Марабаевтың есімін беруді бірауыздан қолдады. Бұл сөз жоқ, мұнай-газ саласының сардарына айналған, өмірінің соңғы күндеріне дейін елі үшін еңбек еткен қайраткерге, аяулы азаматқа деген шынайы құрмет еді. Марабаев есімін ұлықтауда республика жұртшылығы да қалыс қалмады. Жаңаөзен қаласындағы үлкен даңғылға, Ақтау қаласындағы мектеп-лицейге Нәкеңнің аты берілді.

    Иә, Марабаев салып кеткен сара жол ешқашан жоғалмақ емес. Өзі негізін салып кеткен осы жолмен бүгінде еліміздің мұнайшылары, ізбасарлары, шәкірттері сап түзеп келе жатыр. Сондай-ақ балалары да әке аманатын сәтті жалғастыруда. Өз ғұмырында азаматтық парызы мен ел алдындағы перзенттік аманатын адал атқарған періште көңіл, жайсаң жан – Нәсіпқали Әбуғалиұлын еске алуға қастерлі тұлғаның көзін көрген, қамқорлығын сезінген, шарапатынан үлес алған дүйім жұрттың жиналуы – жоғарыдағы сөзіміздің айқын дәлелі болмақ.

    Нәсіпқали Әбуғалиұлы – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, отбасында абыройлы әке, адал жар, сыйлы отағасы. Балаларына деген мейірімділігі, қамқорлығы өз алдына, зайыбы Ләйлә Оқанқызына деген мәңгі өшпес сезімі кейінгілерге үлгі болғандай. Қандай жағдайда болмасын, түрлі сапарлардан келгенде міндетті түрде жарына гүл сыйлау кез келген азаматтың қолынан келмейтіні түсінікті. Бұл – тек Нәсіпқали Әбуғалиұлының ғана бойына біткен ерек- ше мінез, қастерлі қасиет. Нәкең мен Ләйлә Оқанқызы екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Олар да әке жолын әрі қарай жал- ғастырып, төртеуі де Қазақстан мұнай саласының басшыларына, білікті мамандарына айналды. «Атасына біткен – батасына да бітеді» дегендей, енді Марабаевтың жолымен оның немерелері жүріп келеді. Ендеше, Н.Ә.Марабаевтың сара жолы болашаққа жалғасуда деуге толық негіз бар.

    Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғазиз досымыз – Нәсіпқали Әбуғалиұлы Марабаевтың 80 жылдық мерейтойында  ардагер азаматты еске ала отырып, оның отбасына баянды бақыт, берекелі тірлік, саусаламатты өмір тілейміз!

    Ізгі тілекпен: «Мұнайшы» ҚҚ құрылтайшылары А.Құлыбаев, О.Ақшолақов,

    атқарушы директор С.Жылқайдаров

    1180
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Бейнеуде ерекше жыр кеші өтті

    Келесі жаңалық

    Маңғыстау облысының әкімі Есенғали Раушановты қабылдады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Сөз маржанын терген шайырлар Сайөтесте

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 15:53
      4586

      Маңғыстауда «Сисем – елдің есігі, ердің бесігі» атты жалпыхалықтық ас беріледі

      [ 2019 ] 9 қыркүйек, 13:14
      18303

      Маңғыстауда "Өз өлкеңді таны" экспедициясы өтті (күнделік - 2)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:26
      18135

      Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
      17977

      Маңғыстаулық ақын Сәттіғұл Жаңғабыловтың суреті табылды

      [ 2019 ] 24 шілде, 06:53
      4155

      Елордада Серікбол Қондыбай мұраларына арналған халықаралық конференция өтті

      [ 2019 ] 29 мамыр, 06:33
      1731

      Рубрикалар

        РедакцияМаңғыстауРедакция газеттеріЖастар бетіЖаңалықтарЭкономикаАудан тынысыҚарақияРедакция туралыМаңғыстау жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3193

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2947

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2784

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3247

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3055

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3024

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»