©
Өткен аптада Ақкетік сахнсында көрермендерді би өнерінің белесіне жетелеген республикалық «Салтанат» би ансамблінің керемет концерті болып өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған өнер сапары елімізді аралап, өздерінің репертуарындағы билерін көрермен назарына ұсынды.
Жоғары кәсіби шеберлік пен биде сауатты қолданылған қойылымдар арқылы көрерменді ерекше ырғақты биімен ғана емес, ықыласымен де бөледі. Бірден баурап алатын би өнерінің тілсіз қимылмен әр ұлттың өзіне тән мәдениетінің қыр-сырын жеткізе білетін қасиетін тағы бір дәлелдеген, ерекше шабытпен көрермен назарына ұсынған ҚР Мемлекеттік еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері, Мәдениет министрлігі «Гүлдер» ансамблінің бұрыннан белгілі солисті, қазақтың халық билерін оқыту әдісі бойынша көптеген басылымдардың авторы, халық әртісі Шара Жиенқұлованың ең үздік шәкірті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Орымбаева Гүлсәуле.
Қытай, Түркия, Ресей, Бельгия, Америка елдерінде өнер сапарларында болған белгілі ұжымның кәсібилігі мен шеберлігі үшін Қытай елі Қытайдың Мәдениет министрлігі 16 провинциясының басшылары қол қойған Жоғары белгісін табыс еткен екен.
«Салтанат» ансамблінің репертуарында Қазақстан халықтары билерінің түрлі-түсті палитрасы мен әлем халықтары хореографиялық мәдениетінің сан-алуандығын сіңірген 130-дан астам билері бар.
Киелі сахнада өнер киесін танытып жүрген «Салтанат» би ансамблінің 70 бишіден тұратын құрамына аудан әкімінің атынан ықылас гүлі ұсынылып, алғыс хат табыс етілді.
Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суреттерді түсірген автор
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="3560,3556,3554,3553"]