Елбасы жариялаған 5 институционалды реформалардың арасында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бірінші орында тұр. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін ғана емес, сонымен қатар, олардың қоғаммен дұрыс өзара әрекеттесу қабілетін білдіреді. Ең басты басымдық халықтың билік институттарына және ең бірінші кезекте құқық қорғау және сот органдарына сенім білдіруі болып табылады.
«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі замаңғы мемлекет» атты Ұлт жоспарының біріншіден бастап он бесіншіге дейінгі қадамдары мемлекеттік қызметтің жалпы қалай өзгеретінін көрсететін әрекеттердің нақты алгоритмін білдіреді. Кеңестік жүйеде партиялық номенклатура идеократиялық мемлекетті құрудың тәжірибесін қалыптастырған болатын. Конституция мен құқық шын мәнінде жүзеге асырылмайтын ұран және ресми нормалардың тауқыметінде болады.
90 – шы жылдары Қазақстанда жүргізілген реформалар осы іспетті басқару мен шаруашылықтың ескі үлгісінің құлдырауына әкеліп соқтырды. Президенттің 1992 жылғы «Экономикалық реформалар жағдайында мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру және олардың қызметін жетілдіру туралы» Жарлығы тарихи маңызға ие болды. «Қызыл директорат» ауысып, нарықтық реформалар, жекешелендірудің бірінші толқыны мен ұлттық валютаға өту реформасы жүргізілді. Бұл жағдайда аймақтық бидік орталыққа бағынды. Жаппай сайлау мен билік орталықтарында екі биліктің жүргізілуіне, яғни, кейбір көрші елдердегідей сайланған губернатор мен қала әкімінің бірдей билеуіне жол берілмейді.
Бұл тұста мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформалардың ерекше маңыздылығын орта топ өкілдері, жоғары білімі бар азаматтар атап өтеді. Яғни, мемлекеттің одан ары қарай табысты дамуы, бірінші кезекте орта мемлекеттердің ауыруына көп соқтықпай, үшінші әлем деңгейінен бірінші әлем қатарына секіру мемлекеттік қызметті модернизациялауға байланысты болып келеді. Сол себептен, жемқорлықпен күресудің әдіснамасын әуел бастан дұрыс құру қажет. Қаржылай тұрғыдан ынталандырумен қатар біліктілікті және адамгершілікті көтеру мәселелерін шешумен қатар кешенді тәсілдеме болу керек.
К. Шынарбекова Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы