Маңғыстау облыстық сотын басқарғанына жылдан енді асса да Жақсылық АЛАНОВ іскерлігі, ұйымдастырғыштығы арқасында облыстық сотқа жаңа ғимарат алып, үш қалалық соттың да материалдық жағдайын жақсартты. Қазыларға қатаң да әділ талапты күшейте отырып, соттар жұмысының сапасын арттырды. Мұны жақында облысқа іс -сапармен келген ҚР Жоғарғы Соты төрағасы ҚАЙРАТ МӘМИ мырза атап өтті.
Облыстық соттың төрағасы судьялар корпусына арнап, сот қалашығын салу бастамасын республикада бірінші болып көтерді. Облыстық сот басшылығының бұл тың бастамасын Жоғарғы Сот төрағасы да қолдады. Әсіресе, облыстық сот ардагерлерінің қуанышында шек жоқ. Онға жуық сот ардагеріне сот қалашығынан арнайы жер телімі бөлінді. Осыған байланысты біз Ж. АЛАНОВ басқаратын облыстық сот басшылығына облыстық сот ардагерлері атынан алғыс айтамыз.
ӘНУАР ЖӘНІБЕК, ардагер журналист, Қазақстан сот жүйесінің құрметті қызметкері