©
«Каспий жылу, су арнасы» («КЖСА») мемлекеттік коммуналдық мекемесіне экологиялық заңнаманы бұзған үшін айыппұл салынды. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы мамандандырыған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айгүл Борашевадан білдік. - Аумақтық экология департаменті «КЖСА» МКМ-нен 450 077 877 теңге қоршаған ортаға келтірген зиянды өндіру туралы талап арызбен Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді, - деді судья. - Бұл мән-жайлар Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру барысында анықталған. Сот отырысы барысында «КЖСА» МКМ-нің 2015-2017 жылдар аралығында Ақтау қаласының жоғары шағынаудандарының ағынды суларын тазаламай және атмосфераға шығындарға рұқсат алмастан «Қошқар–Ата» қалдық қоймасына төгіп келгені анықталды. Сот талап арызды қанағаттандырып, «КЖСА» МКМ-нен мемлекет пайдасына 450 077 877 теңге өндірді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.Валентина ҚОЗЫБАҚОВА