18 желтоқсан күні бір ақтаулықтың үйінен жалпы салмағы 459 келі болатын 125 бекіре балығын тәркіленді. Ол балықтарды 3 мұздатқыш камерада сақтап отырған, - деп хабарлайды табиғат қорғау полициясының бастығы Бекқали Алдабергенов mangystaumedia.kz сайтына.
«18 желтоқсада кезекші бөлімге 14 шағынаудандағы үйлердің бірінде заңсыз аулаған бекіре балығы сатылып жатыр деген хабарлама түсті. Тексеріс барысында 14 шағынауданын 60 үйінен 3 мұздатқыш камерада сақтаулы бекіре балығы табылды. 339 бап ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабына сәйкес сирек және жойылу қаупі бар, аң мен жануарларды заңсыз аулағу бойынша қылмыстық іс тіркелді», - дейді Б. Алдабергенов
Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суретті МО Полиция департаменті ұсынды