Жаңаөзен тұрғыны сот отырысы болатын мерзімде Түркия еліне саяхаттап кеткендіктен, сот процесіне мобилді бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимде қатысты. Азаматша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекеттік кіріс басқармасына тіркеуге тұрмай, кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталып, іс қаралды, - деп хабарлады Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі mangystaumedia.kz сайтына.
Сотта анықталғандай, онлайн байланыс арқылы өз кінәсін мойындады. Кінәліге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 36075 теңге айыппұл салынды.
«Мобилді бейнебайланыс сот процесіне қатысушылардың қай жерде тұрғанына және қаржылық жағдайына қарамайды. Онлайн сот отырысында сұрақ қойып, жауап алуға, құқықтары мен міндеттерін іске асыруға мүмкіндік береді», - дейді Жаңаөзен қалалық соты.
Айта кетелік, Жаңаөзен қалалық сотында «TrueConf» мобильдік қосымшасымен 7 іс қаралды.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет mng.sud.kz сайтынан алынды