Ақтау қаласында бойжеткен қызды зорлап кеткен күдікті ізі суымай ұсталды. Полицейлер күдіктіні Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тапқан. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады.
«6 желтоқсан күні сағат 01.16 шамасында Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына «102» жедел нөміріне бір әйел көмек сұрап хабарласты. Оның айтуынша, белгісіз ер адам қаладағы 8 шағынауданда бір қызды зорлап, ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кезекші инспектор Құдайберген Жасұзақ пен Нұрлан Аяпбергенов күдіктіні Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықтап, оны ұстау үшін «Мираж» жедел жасағын жібереді.
«Күдікті ізі суымай ұсталды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деді полиция департаментіндегілер.
Барлық тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет пен видеоны МО Полиция департаменті ұсынды
https://youtu.be/6K0C-ScDIaQ