©
Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы 1 миллион теңге көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.
Агенттіктің хабарлауынша, Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы жасырын тергеу іс-қимылдары кезінде ұсталған.
https://www.youtube.com/watch?v=xOF1z0w2Htk«Ол коммерциялық мақсаттарға жер телімдерін беруге көмектесемін деп жеке кәсіпкерден 1 миллион теңгені алдау арқылы алды деген күдік бар. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - деді Ж.Бастарова.