©
Ақтау қалалық сотында әлеуметтік желі және басқа да ақпарат құралдары арқылы жалған ақпарат таратты деген айыппен Т.Әбиев пен А.Танатаровқа қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Естеріңізге сала кетейік, Т.Әбиев Ютуб әлеуметтік желісінде түрлі видеолар жариялап, өзін "жемқорлықпен күрескер" ретінде таныстыратын.
Қылмыстық істі қарау барысында олар Маңғыстау өңіріндегі сот және мемлекеттік жұмыстарына әлеуметтік желі және басқа да ақпарат құралдары арқылы жалған мәлімет таратқаны анықталды.
«Сот үкімімен Тоқберген Әбиев ҚР қылмыстық кодекісінің 130-бабы 2-бөлігімен (жала жабу) кінәлі деп танылып 1 жылға бас бостанғынан айрылды. Жаза мерзімі 2018 жылдың 5 желтоқсанынан басталады, осы жылдың 9 тамызы мен 18 қыркүйек аралығында уақытша қамауда болған кезі қос есептеледі. А. Танатаров та осы бап бойынша кінәлі деп танылып 7 айға бас бостандығынан айырылды. Оларға ҚР қылмыстық кодексінің 131-бабы 2-бөлігі (басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) бойынша тағылған айып қылмыс құрамының болмауына байланысты алынып тасталды», - делінген Ақтау қалалық сотының хабарламасында.
Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.
Ақкенже БЕРКЕНОВА