Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының /борышкер, өндіріп алушы/ кабинеті әзірленіп, пайдалануға енгізілді. Аталмыш кабинет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына (www.adilet.gov.kz) орналастырылған, сонда «Сот орындаушылары» бөлімінде тиісті қосымша бет бар.
Аталған кабинетте атқарушылық іс жүргізу тараптары өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып АІЖО ААЖ арқылы атқарушылық іс жүргізудің орындалу барысымен танысып, материалдарды қарай алады.
Бұдан басқа, сот шешімін орындау мәселелері туындаған жағдайда атқарушылық іс жүргізудің тараптары, яғни борышкер, не өндіріп алушы онлайн режимінде сот орындаушысына сұрақ қоя алады немесе қажеттілігіне қарай құжат салып, табыстай алады. Бұл сот актісінің орындалу барысы туралы ақпаратқа тиімді қол жеткізу, осы мәселеге қатысты шағымның азаюына септігін тигізеді.
Осы ретте сот орындаушысы АІЖО ААЖ тіркелген әрбір атқарушылық іс жүргізу бойынша жүйеден тыс құрылған процессуалдық құжаттарды салуды қамтамасыз етуі тиіс. Аталған кабинетке тараптар атқару өндірісі республиканың қай аумағында болғанына қарамастан, жоғарыда аталған ақпаратқа қол жеткізе алады. http://www.adilet.gov.kz/kk/node/123392
Тілектес ҚАНБАЕВА, «Маңғыстау аумақтық бөлімі» филиалының басшысы, сот орындаушы