Бұл халықтың сот билігіне деген сенімін күшейтіп, сот беделін арттыруда. Ең әуелі сот жүйесінде «Біріңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі» бағдарламасы еңгізілге еді, бүгінгі күні бұл бағдарламалар толық игеріліп, жаңарлыпы жатыр.
Жаңа өнімдердің қатарында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі, сот мәжіліс залдарының дыбыс және бейнежазу жүйесі, сотқа электронды шақырту қағазы, гибридтік электрондық пошта жүйелері бар. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының мәжіліс залы соңғы үлгідегі дыбыс және бейнежазу жүйесімен жабдықталған. Соның арқасында сот процестері толық дыбыс және бейнежазбаға түсірілу арқылы жүзеге асырылуда. Сот мәжілісінің хатшысы сот отырысын басынан соңына дейін электронды тасымалдаушы DVD немесе СD табақшаларына жазып, оларды іс құжаттарымен бірге сақтайды. Сотқа қатысушылар «Сот кабинеті» электрондық ақпарат сервисі арқылы электронды хаттаманы көріп, таныса алады.
Сонымен қатар, жаңа технологиялар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға да септігін тигізіп отыр. Ең әуелі мұнда судьялар мен сот қызметкерлерінің тараптармен процессуалдық емес қатынастарға баруына жол бермеу жағы қарастырылған. Сот ғимаратына кіріп-шығу бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Сот төрағасының бастамасымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» семинар сабақтары ай сайын өткізіліп тұрады.
Сотқа келіп түскен барлық кіріс-шығыс құжаттары жалпы кеңсеге қабылданып, тиісті қызметкерлерге беріледі. Сот өндірісіндегі істердің қозғалысы туралы бөгде азаматтарға ақпарат берілуіне шектеу қойылған.
Бекітілген кестеге сай сотта БАҚ өкілдерінің және қала тұрғындарының қатысуымен жүйелі түрде ашық есік күндері өткізіліп тұрады. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері қазіргі кезде сот жүйесіндегі ақпараттық технологияның соңғы жетістігі-«Төрелік» бағдарламасымен жұмыс істеуде.
Назгүл САМЕНДИРОВА, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісінің м.а.