Ақтау қалалық сотында марихуананы сақтап, сатқан сотталушы Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай, сотталушы Ш. қасақана, пайдақорлық ниетпен Ж-ға жалпы салмағы 10,33 грамм марихуана есірткі затын 2 000 теңгеге заңсыз өткізген.
Сот үкімімен Ш. ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталған Ш-ға ҚР ҚК-нің 91-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы және 98-бабына сай жаза өтеу мекемесінде нашақорлықтан еріксіз емдеу тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сурет сайттың архивінен алынды