Ақтау тұрғыны Алматыда орналасқан «Нұрбанктің» бас офисіне телефон шалып, 4-шағынаудандағы Ақтау филиалын жарып жіберетінін айтқан.
Сотта анықталғандай, сотталушы А., 29 қаңтар 2018 жылы, сағат 15.40 шамасында қасақана, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау мақсатында Алматы қаласында орналасқан «Нұрбанк» АҚ-ның «25-52» санды тегін линиясына соғып «Будем взрывать филиал банка в городе Актау», - деп терроризм актісі туралы жалған хабарлаған.
Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қауіп туралы ести сала, «теракт» болғалы тұрған жерге Маңғыстау облысы ІІД, облыстық ТЖД, сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлері дереу жиналған. Оперативті тексеру кезінде телефон қоңырауы хабарламасы жалған екендігі анықталды.
Қоңырау шалған азаматты бірден анықтап, полиция тұтқындады.
Ақтау қалалық сотының үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм акты бойынша жалған хабарлама берілді) бойынша айыпты деп танылды. Оған ҚР ҚК 63 бабы бойынша 1 жыл 6 ай мерзім бас бостандығынан айыру жазасы берілді. ҚР ҚК-нің 63-бабына сай тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы сол мерзімге шартты деп саналып, пробациялық бақылау белгіленген, - делінеді Ақтау қалалық сотының сайты.
Заңды үкім әлі күшіне енген жоқ.
Айгүл ДӘДЕН