©
2018 жылғы 10 сәуірде халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды сатып алу акциясы басталады. Бұл туралы 7292info.kz сайтына Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет азаматтардың өз еркімен тапсырған әрбір қару мен оқ-дәрісі үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр:
- ойық ұңғылы автоматтарға – 240 500 теңгеге дейін,
- ойық ұңғылы винтовкалар мен карабиндерге – 120 250 теңгеге дейін,
- ойық ұңғылы тапаншалар мен револьверлерге – 96 200 теңгеге дейін,
- тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 72 150 теңгеге дейін,
- жарақат салатын қаруларға – 24 050 теңгеге дейін,
- әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 16835 теңгеге дейін,
- жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 14 430 теңгеге дейін
- ойық ұңғылы оқ-дәрілеріне кал. 5,6 мм жоғары әр бірлігі үшін – 68,72 теңге,
- ойық ұңғылы қару оқ-дәрілеріне калибрі 5,6 мм әр бірлігі үшін – 20,72 теңге сыйақы беріледі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз сақталған аталған қаруларды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазадан босатылады.
Ал жарылғыш заттарды тауып алған жағдайда оны тасымалдамай, кез-келген полиция бөліміне немесе «102» телефонына хабарлауын сұрайды.
Азаматтар толық мәліметті 47-48-20; 47-48-89; 47-48-02 немесе қалалық, аудандық ішкі істер органдарынан ала алады.