©
28 наурызда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасар өгей ұлын өлтірді деген айыппен ұсталған әйелге қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы өзіне қатысты қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартқан.
"Сот мәжілісінде сотталушыдан, жәбірленушінің өкілдерінен, сот-медицина сарапшысынан жауап алынды, істегі жазбаша дәлелдемелер зерттелді", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г. Нұрханова.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 4 қаңтарында бейнеулік 16 жасар жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Сотқа дейінгі тергеу органдары баланың өгей анасы С.-ға өз үйінде кәмелетке толмаған жасөсіпірімді өлтірді деген айып тақты.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2 бөлігінің 14 тармағымен сотқа берілген.Келесі сот мәжілісі 06 сәуірге жоспарланған.