©
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында баласы сабақтан себепсіз қалған азаматша К.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды, - деп хабарлайды осы мекеменің баспасөз қызметі.
Сот отырысында анықталғандай, К-нің кәмелетке толмаған 02.09.2001 жылғы баласы Т. №3 орта мектетің 9-сынып оқушысы бола тұра, 2017-2018 оқу жылының басынан қыркүйек-ақпан айлары аралығында сабақтан себепсізден-себепсіз 62 сағат қалған.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін кәмелетке толмаған баланың анасы К. кінәлі деп танылды. Оған 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 15883 теңге айыппұл тағайындалған.
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаулы заңды күшіне енді.
Көрнекі сурет сайттың архивінен