©
Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы Н.-ның жауапкер Б.-ны пәтерден шығару туралы азаматтық ісі қаралды.
Сотта анықталғандай, жауапкер талап қоюшыға тиесілі пәтерді өз еркімен босатудан бас тартқан. Сол себептен, талап қоюшы өзінің құқықтары бұзылды деген негізбен сотқа талаппен жүгініп, өзінің жеке меншігіне тиесілі пәтерден жауапкерді шығаруды сұраған.
Сот талқылауы барысында тараптар татуласу келісіміне келіп, оның талаптары бойынша жауапкер талап қоюшыға тиесілі пәтерді босатуға және пәтерден шығу кезіндегі коммуналдық төлемдерді төлеуге міндеттенді. Ал, талап қоюшы аталған шарттармен келісіп талабынан бас тартады. Осылайша тараптар бір-біріне ешқандай талаптар қоймайды.
Сот, тараптармен жасалған татуласу келісім заңға қайшы келмейтінін, екі тараптың мүддесінде жасалғанын және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, татуласу келісімді бекітті.
Ұйғарым заңды күшіне енді.