©
Үш күнге созылған «Борышкер» шарасы кезінде 5 558 866 теңге айыппұл өндірілді, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Шара барысында 1239 қаулының (7 332 271 теңге) 1095-і орындалып, 5 558 866 теңге өндірілді. Ал өндіру көрсеткіші 75,8% жеткен. «Борышкер» жедел іс-шарасы жыл басынан бері салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру және айыппұл төлеуден жалтарғандарды анықтау мақсатында өтті. 27-29 наурыз аралығында өткен шараға ІІД Әкімшілік полиция басқармасы мен мемлекеттік сот орындаушылардың өкілдері қатысты.
«Нәтижесінде жұмыс орны бойынша жалпы сомасы 2 758 754 теңге әкімшілік айыппұл салынған 267 қаулы бойынша құқық бұзушы анықталды. Мәжбүрлі түрде өндіру үшін жеке сот орындаушыларына 5 861 004 теңгеге 523 қаулы жолданды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Автоматты техникалық құралдармен түсірілген жол ережесін бұзу фактісі бойынша әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлі өндіру үшін сот орындаушысының қаулысымен борышкердің жылжитын және орнықты мүлкін бұғаттау шаралары қарастырылуда. Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, үш күн ішінде 72 мың теңгеден астам айыппұлы бар 5 көлік арнайы айыптұраққа қойылып, оның 36 075 теңгесі өндірілген.
Ал «Автоураган» жылжитын аппараттық-кешеннің көмегімен 82 қаулы бойынша 886 068 теңге өндірілді.
МО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы мұндай шара тоқсан сайын өткізіледі деп отыр.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суретті МО ІІД баспасөз қызметі ұсынды