©
Бұл туралы ГМ-172/6 түзеу мекемесінің қызметкері Ж. Бектенбеков хабарлады.
2018 жылы 19 ақпанда белгісіз тұлғалар ГМ-172/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырған сотталғандарға қоршаудан тыйым салынған затты лақтыру арқылы беру үшін келетіні белгілі болады. Келіп түскен ақпарат бойынша жоспар құрылып, қылмыстың жолын кесу үшін кешенді жұмыстар жасалады.
- Сол күні кешкі сағат 19:30 шамасында жедел бөлімнің 2 қызметкері келетін белгісіз тұлғаларды жасырын тосты. Ақпарат расталып сағат 20:20 шамасында ГМ-172/6 мекемесінің жанына маркасы "Део Нексиа" мемлекеттік белгісі 704 COA/12 автокөлігі келіп тоқтады. Ішінен бір белгісіз тұлға түсіп мекеменің ішкі аумағына тыйым салынған затты лақтырмақ болған жерінен жедел бөлімінің қызметкерлері ұстады, - деді Ж.Бектенбеков.
Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінен жедел анықтау тобы шақыртылады. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері автокөлікті жəне жеке тінту барысында автокөліктің жүк бөлігінде жасырын тұрған полителен пакетке буып-түйілген "марихуана" есірткі затына ұқсас затты тəркілейді.
Белгісіз тұлғаларды анықтау барысында біреуі Маңғыстау облысының тұрғыны 1989 жылы туылған Б.К., екіншісі Маңғыстау облысының тұрғыны 1995 жылы туылған К.Б. екендігі анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық клдексінің 296 бабымен қылмыстық іс қозғалып Маңғыстау облысы ІІД-нің №84710003100 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тəркіленген зат Маңғыстау облысы бойынша сот сараптамасының №160 қортындысы бойынша кептірілген "марихуана" екені анықталды. Кептірілген марихуананың орамасыз салмағы -127,75 грамм.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет сайттың архивінен алынды