Маңғыстау облысы Ақтау қаласының прокуроры қызметіне әділет кеңесшісі Берік Жұмажанұлы Құлмағамбет тағайындалды, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі өзінің ресми сайтында.
Ол 1981 жылы туған. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі – 15 жыл.
Прокуратура органында әр түрлі қызметте жұмыс атқарды, соның ішінде Алматы облысы және Астана қалалық прокуратурасында басшылық қызметте еңбек етті.
2015 жылдың сәуірінен бастап Бас көлік прокуратурасының Атырау көлік прокуроры лауазымында қызмет атқарды.
Сурет Атырау көлік прокуратурасының сайтынан