Ақтау гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Е.Қолғанат, Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет капитаны Е.Нұрбергенов, Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері- уәкілі әділет майоры К.Сайлаубекұлы, Ақтау гарнизонының әскери полиция бөлімі Әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет майоры М.Сақбаевтың Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 30153 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қатысуымен «Сот кабинеті», «Медиация заңы», «Қазақстан Республикасының ҚК-нің, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты сайтында орналастырылған «Сот кабинеті» электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық талап арыздар, апелляциялық шағымдар, өтініштер беру тәртібін түсіндірілді. Сот кабинеті сервисінің басты мақсаты сот жүйесінің айқындығын және қолжетімділігін барша жұртшылыққа танытудағы ең үлкен жетістіктің жаңа енгізілімі екенін айтылды.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға медиация, яғни бітімгершілік – біздің ата-бабаларымыз Қазақ елінің дәстүрлі құқығының негізінде мыңдаған жылдар бойы ұстанып келе жатқан бітімгершілік жолы екені, сонымен қатар медиация бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің өркенді жолын жақсы қырынан дамытуға, оның саяси құқықтық тұжырымдамасы мен баянды бағдарламаларына мінсіз қызмет көрсететінін нық сеніммен айтуға болатынын жеткізілді.
Әскери қызметшілерге дөңгелек үстел тақырыбтары бойынша жан- жақты түсінік беріліп, заң талаптары толық түсіндірілді.
Е.Нұрбергенов, Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет капитаны