©
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облыстық департаменті Облыстық экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің басшысы С.К. Сарқұлованың қылмыстық қызметінің жолын кесті", - деп хабарлады аталған бюро.Күдікті жүйелі түрде «ҚОӘБ» (қоршаған ортаға әсер етуді бағалау) жобасын дайындау және ластаушы заттарға эмиссияға рұқсат беру үшін заңды тұлғалардан пара алып отырған.
Параның көлемі 20 мың мен 300 мың теңгенің арасында болған. Жалпы алған ақшаның көлемі 500 мың теңгеге жеткен.
«Сонымен қатар С. Сарқұлова кейбір ЖШС аффилиирленген компаниялармен атмосфераға шығарылым көздерін түгендеу бойынша жұмыстарды орындауға шарт жасасуға мәжбүрлеу арқылы кәсіпкерлікпен заңсыз айланысып келген», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүруде.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанда қай мемлекеттік мекеме ең көп пара алады?