©
Маңғыстаулық қос полицей "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, - деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.
2017 жылдың 24 ақпанында шамамен таңғы 04.00 сағатта патрулдеу кезінде сержант Ерболат Акимбаев және сержант Ерғали Искаков «Мираж-1» полиция экипажы Приморский поселкесінің жеке тұрғын үйлерінің біріндегі өртті байқап қалады.
Өрт сөндірушілер келгенше тез шешім қабылдап, ептілікпен екі жасөспірім мен олардың ата-анасын оттан алып шығады.
Әрі әйелге ұлымен екінші қабаттан секіруге тура келеді. Жедел-жәрдемнің келуін күтпей-ақ, полицейлер отбасын ауруханаға жеткізді.
Қызметтік міндетін мінсіз орындап, ерлік көрсеткені үшін қос сержант Елбасының "Ерлігі үшін" медалімен жеке құрам алдында ІІД басшылығымен құрмет көрсетіліп, жас буынға үлгі болсын деп марапатталды.
"Маңғыстау облысы ІІД полиция аға лейтенанты Ысқақов Ерғали Жандулаұлы Жол патрульдік полиция батальоны рота командирі бұған дейін де теңізден адам құтқарып, жасаған ерлігі үшін Маңғыстау облысы ІІД Соғыс ардагерінен Бауыржан Момышұлы әскери бауырлас медалінің иегері атанған", - деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.