Мас болғаны үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
[ 2017 ] 1 қараша, 09:11 | Құқық
Бұл туралы Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық бұзушы Р.М. 2017 жылы 23 қыркүйек сағат 02:30 шамасында Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосында орналасқан Бозашы көшесіне қарама-қарсы тас жолда «Ваз 21060» маркалы мемлекеттік белгісі R 575 HBM автокөлігін қасақана алкагольдік мас күйінде басқарған.
Жүргізуші өз кінәсін мойындаған. Сонымен қатар, оның «жеңіл» дәрежелі алкогольден масаю күйінде болғанын 23.09.2017 жылғы №2157 санды медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденген.
Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазасы қолданылған.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
744
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.